Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Істеген әрекеттерім оның өліміне себеп болғанын білем": Бишімбаев сотта екіұшты жауап берді

"Істеген әрекеттерім оның өліміне себеп болғанын білем": Бишімбаев сотта екіұшты жауап берді
Жоғарғы сот. Суретте: Қуандық Бишімбаев
Сотта Бишімбаев біресе "өліміне кінәлімін", біресе "кінәлі емеспін" деп жауап берді.

Бишімбаев сотта тағы екіұшты жауап беріп, судьяны ойға қалдырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бишімбаев сотты біресе кінәлімін, біресе кінәлі емеспін деп екіұшты жауап берді. Бұны естіген судья оның жауаптарының бір-біріне қарама-қайшы екенін айтып сұрақ қойды. Бишімбаев болса, сонда да екіұшты жауап берді. 

"Мен асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтірмедім, мойындамаймын, бірақ өліміне қатысым бар екенін мойындаймын. Істеген әрекеттерім оның өліміне себеп болғанын білем, қатты өкінемін және өзімді кінәлі сезінемін. Бірақ оны аса қатыгездікпен қасақана өлтірді, оны азаптады дегенмен келіспеймін. Иә, ұрдым, бірақ өлтіру мақсатында ұрмадым. Соңында осылай болады деп мүлде ойламадым", - деді Бишімбаев.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар