"Бетінен жұдырықпен бір ұрды": Алматыда әйелді аяусыз ұрған ер адамның видеосы тарады
Полицейлер ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғаған.
Алматыда әйел адамды аяусыз ұрған ер адамның видеосы тарады. EGOV.PRESS арнасының мәліметінше, ер адам тұтқындалған, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Кадрда ер адам әйелдің бетінен жұдырықпен бірнеше мәрте ұрады. Артынша бір келіншек оны тоқтатпақ болады. Алайда оған да дес бермейді.
Полицейлер ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғаған.
"Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта Әуезов аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар полицияға жеткізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.