Басты жаңалықтар

"Беттері табақтай болған ұятсыздар нағыз": су тасқынында мектепте жатқан құлсарылықтарға жаны ашыған сынықшы әкімдерге шүйлікті

Ол мектепте шарасыз күйде жатқан Құлсары халқының күйіне ашынды.

Желіде үнемі жылы жымиып отырып, науқастардың шыққан қолын, иығын салып отыратын сынықшы Бағдагүл су тасқынына байланысты әкімдерге шүйлікті. Ол мектепте шарасыз күйде жатқан Құлсары халқының күйіне ашынып, видео түсірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Сосын ана Атыраудың әкімдері, беттері табақтай болған ұятсыздар нағыз.

Кеше ғана көрдіңіздер Ақтөбенің жағдайын. Неге дайын болмайсыздар? Қанша уақыт берді ғой сендерге. Отырған боп тұрсыздар ғой. Халықты қайдп қаңғытып жатсыздар? Беріңдер, бір қонақүйде жатсын олар. Мұнайдың ортасында отыр ғой. Қайда мұнайдың ақшасы? Жемқор әкімдер. Мектепте емес, қонақүйде жату керек. 

Мұнайдан түскен ақшаларыңыз қайда сонда? Бүйтіп халықты басына юермеңіздер. Бір күні аяқтарыңыз аспаннан келеді!", - деп әкімдерге шүйлікті.