"Пайдалы ақпараттар саламын": Бишімбаевтың ісін қарап жатқан прокурор Айжан İnstagram-парақшасын ашқанын айтты (видео)
Енді прокурор пайдалы ақпараттар салып отыратынын айтты.
Атышулы Бишімбаевтың ісін қарап жатқан Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде өз атына ашылған фэйк аккаунттардың толып кеткенін, сол үшін де өзі жеке İnstagram-парақша ашқанын мәлімдеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Дәл қазір қоғамдық резансқа айналған қылмыстық іске қарап жатырмын. Сондай-ақ әлеуметтік желіде менің атымнан фэйк аккаунттар көбейіп кеткен соң өзім жеке аккаунт ашуды жөн көрдім", - деген ол әзірге ешқандай жазба қалдырмағанын, алдағы уақытта пайдалы ақпараттар салып отыратынын атап өтті.