Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қуандық ойран салып жатыр, әйелі тірі деген үміттемін":оқиға болған күнгі Bau жұмысшыларының хаты оқылды

"Қуандық ойран салып жатыр, әйелі тірі деген үміттемін":оқиға болған күнгі Bau жұмысшыларының хаты оқылды
Жоғарғы сот
Мейрамханада ерлі-зайыпты ұрысып жүргенде, құрылысшылар жөндеу жұмыстарын жасаған.

Астанада азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 9 сәуірдегі сот отырысы куәгерден жауап алудан басталды.

Сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер Данияр Мейірбековтің BAU мейрамханасының әкімшісі Қарлығашпен мессенджердегі хаттары оқылды.

Мейірбеков 2023 жылдың 9 қарашасында әкімші Қарлығашқа атқарылған жұмыстың фотосын жіберген.

Мейірбеков (06:35): Суреттер ілулі тұрған қабырғаның жартысын аяқтауға мүмкіндік бермеді. Қуандық шу шығарып жатыр.

Мейірбеков (06:57): VIP залдың астаң-кестеңін шығарған сияқты. Әйелі тірі деп үміттенемін

Қарлығаш (07:49): Кешіріңіз

Мейірбеков: «Маски-шоу» ұйымдастырды.

Қарлығаш: Қалай сонда?

Мейірбеков: Бір пиджакпен жүр

Қарлығаш: Олар әлі сонда ма?

Мейірбеков: Біз кетерде ол әйелін ұрып, әлде мүлкін қиратып жатты. Кетіп қалдық

Қарлығаш: Дұрыс істедіңіздер. Ол ішті ме?

Мейірбеков: Екеуі де мас, есікті жұлып ала жаздады

Қарлығаш: Күзетшілер болған жоқ па?

Мейірбеков: Жоқ, асхананы қиратып...

Мейірбеков VIP залдың ішінен тек Қуандық Бишімбаевтың дауысы шыққанын айтты.

Сол оқиғадан 10 күн бұрынғы жағдаймен салыстырсақ, ол кезде дауыстары бұл жағдайдан да қатты шыққан еді, - деді куәгер Мейірбеков.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар