Басты жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығына арнап ән жазды

Көпшіліктің сынына жиі ұшырайтын Мұхамедиұлы өзінің сазгерлігік өнері барын паш етті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астананың 20 жылдығына арнап жазған әнін таныстырды. «Достарым, әсем елордамыздың мерейтойына арналған «Ақ ордам - Астана» әнін Capriccio тобының орындауында қабыл алыңыздар. Сөзі Шөмішбай Сариевтікі, музыкасының авторы мен. Көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына. Айта кетейік, Capriccio музыкалық тобына белгілі журналист Айгүл Мүкей продюсерлік етеді.    Топ құрамында 8 солист бар.