"Ит болса да өз еліңе тұрмысқа шық": кәріспен отбасы құрған қыз жылап отырып, өкінетінін айтты (видео)
Рас, өтірігі белгісіз, ол тіпті дәрі де ала алмайтынын айтады.
Өзі Египетте тұратын, кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы Әсел İnstagram-парақшасына жылап отырып видео түсірді. Сөзіне қарағанда шетелдікке тұрмысқа шыққан қыз өкінеді екен істеген шешіміне, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Осы видеоны қаншама жас қыз болса, ешқашан шет елге, бөтен елге тұрмысқа шықпаңыздар. Өйткені сен бөтен елде жолдасыңа бағынышты боласың. Сол не айтады, сол заң, сен ауырсаң да дәрі алып берк алмайсың бала шағаңа, ақшаң жоқ. Бөтен елде жұмыс та істей алмайсың. Одан да ит болса да, арақұмар болса да өз еліміздің адамына тұрмысқа шығыңыздар. Өз еліңде балаң ауырса, барып пол жусаң да балаңа барып, дәрі алып бересің", - деді ол.