Қоғам

"Тұншықтырған": сотта Салтанаттың денесіне сот медициналық сараптамасын жүргізген сарапшы тыңдалды

Медицина сарапшысы Салтанаттың денесінде тұншықтыру белгілерінің бар екенін айтты.

Бүгінгі өткен сот отырсында Салтанат Нүкенованың денесіне қосымша сот-медициналық сараптама жүргізген медициналық сарапшы Тахир Халимназаров тыңдалды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Мойыннан екі сопақ абразия табылды. Сосын мойны көгерген. Мойны мен көзіндегі бұлшықет қалыңдығынан қан кеткен. Жәбірленушіде асфиксияның басқа фактілері бар. Қан сұйылған, қан кеткен. Барлығы жарақат алған кезде гипоксия болғанын көрсетеді. Өлімнің басталуына жақындағанда тұншықтырған белгілер бар", - деді Тахир Халимназаров.