Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 11 жасар қыздың тамағына шаш өскен, дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай отыр

Астанада 11 жасар қыздың тамағына шаш өскен, дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай отыр
kyn.kz
Бала анасына тамағы ауырып тұрғанын айтқан. Анасы ауыз қуысын көрген сәтте 2 см қалың қара шашты байқаған.

Астана тұрғыны 11 жасар қызының тамағына ойламаған жерден шаш өсе бастағанын айтып, дәрігерлерден көмек сұрады. бірақ, дәрігерлер мұндай жағдайды  бірінші рет көрдік деп аң-таң. Қызының өміріне алаңдаған ана Қытай мен АҚШ, Ресей дәрігерлерінен көмек сұрап, зерттеу үшін оларға шашты почтамен салып жіберген.

"14 наурыз күні қызым тамағы ауырып жатқанын айтып жылады. Ауыз қуысын ашқан кезде кәдімгі жұтқыншақ тұста 1-2 см шығатын қара шашты көрдім. Баланың айтуынша ол тамақта шаш тұрған сияқты қолайсыздық емес, кәдімгі  ангина кездегі ауырсынуды сезген. Дереу жедел жәрдем шақырттық. Дәрігерлер де таң қалды. Ауруханаға барып,  тамақ қарайтын дәрігерлерге қаралдық. Олар балаға жайлы болу үшін шаштарды жұлып, алып тастады. Шаш тек баланың тамағында емес, тісінің араларындағы қызыл етте де бар",-дейді  Ақмарал Шалабаева.

Ал шетелдік дәрігерлер арасынан қытайлықтар ғана жауап берген. Оның өзінде "Бұл ауру өте сирек кездеседі, сол себепті оның қазірге аты да жоқ. Баланың тамағына ота жасау керек. Ота кезінде аса сақ болу міндет, өйткені шаш қайта өсуі мүмкін. Соңы қатерлі ісікке де жеткізеді" делінген екен жауапта.

Астаналық дәрігерлер 11 жасар қыздың барлық сынамасын алып, тексеруден өткізген. Бірақ, балада ешқандай дерттің белгісі табылмаған. Дәрігерлер қазірге Жсаөспірімде өтпелі кезең болып, гормондық өзгерістердің салдары ма деп болжайды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар