"Салтанат жалаңаш видео түсіріп беруге мәжбүр болған": Құрбысы Нүкенованың не себепті мұндайға барғанын айтты
Аида Ахмедина: Салтанат өзін Қуандық кепіл ретінде ұстаған кездерді де айтып берді.
Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина бүгін сотта құрбысының жеке өмірі жайлы бөліскен құпияларын толық айтып берді. Оның сөзінше Нүкенова әйел ретінде тырнағын жасатуға өз бетімен шыға алмайтын болған. Тіпті бір рет барып, күйеуі оны жанында күтіп отырыпты. Оның өзінде процестің ұзақ болғанын айтып, ұрыс туындапты. Содан бері Нүкенова тырнақ жасатуға да шықпайтын болғанын құрбысына айтыпты.
«Салтанат оның жұмысқа бармай, жанында 24/7 бірге болатынын айтты. Ол жұмысқа бармағандықтан бар назарын Салтанатқа бағыттайды. Ол сөйлескісі келіп, түнімен ұйықтатпайтын көрінеді. Сәл ұрыс-керіс болса, сыйлықтарын лақтырып жібереді. Жаңа жылдың алдында оған қымбат сағат сыйлады. Кішкене жанжалда оны терезеден лақтырып жіберді, содан кейін олар оны іздеп таба алмады. Ол «тіпті маникюр жасай алмаймын» деді. Соңғы рет тырнағын жасатуға барғанда, залда Қуандық күтіп отырғанын айтты. Бишімбаев маникюрдің ұзаққа созылғанына ашуланған соң, оны да аяқтамай, кетіп қалды», - деді сотта Салтанаттың құрбысы.
Нүкенова күйеуі бетін көгертіп ұрғаннан кейін ағасына фото жіберіп басы бәлеге қалған. Соның қарымтасы ретінде Бишімбаев одан тырдай жалаңаштанып, видео түсіріп беруін талап етіпті. Ал, марқұм оның талабын орындапты.
«Сәуірде отбасыммен демалысқа кеттім. Демалыстың бірінші күні түнде Салтанаттың хабарламаларынан ояндым. Ол қатты қорқып тұрды: «маған адвокат керек, мен бәріне дайын болуым керек. Ол мені ұрып-соқты, Айтымға суреттерімді жібердім. Ол келіп, Қуандық екеуі төбелесті. Одан бірнеше рет кеткім келген. Ол «отбасыңда менің сені ұрып-соққанымды дәлелдейтін суреттер бар, кейін маған қоқан-лоққы жасайсыңдар, мен сені жібермеймін. Кепілдік ретінде сен маған жалаңаш күйде видео түсіріп беруің керек» деп айтты деді. Мен одан «Сен оның айтқанын орындадың ба?» деп сұрағанымда, ол «иә, істедім, басқа амалым болмады» деп жауап берді», - деді бүгінгі сот отырысында Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина.