Қазақстанда -13 градусқа дейінгі суық ауа райы күтілуде
Қазгидромед алдағы 3 күннің ауа райын болжады
Алдағы күндері қазақстанның көптеген аймақтарында күн күрт суытады. Жаңбыр, қырау, жел тіпті кей аймақтарда қар аралас жауын күтілуде.
11-12-сі күндері еліміздің шығысында дауылды жаңбыр, қар аралас нөсер болады. Барлық өңірлерде дерлік түн мен таңғы уақыт суық, қырау қатып жауын жауады. Бұршақ аралас нөсер. Орталық Қазақстан мен шығыста желдің соғуы күшейеді.
Солтүстік пен шығыста ауа температурасы -11-13-ке дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде күн райы +.19-ға дейін көтеріледі. тіпті түнгі уақыттарда ең төменгі ауа температурасы +3 болмақ.