Алматыда тағы да жер сілкінді
Бұл жолы 2, 3 баллдық жер сілкінісі болды.
Алматыда тағы да жер сілкінісі болды. Бұл жолы 2 баллдық көрсеткіште жер сілкінді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісi.
"10 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 19.56-да төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 484 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,6. Магнитудасы MPV 6.0. (...) Сезілу бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы – 2 балл, Кеген, Райымбек аудандары – 3 балл", – делінген сейсмологтар таратқан хабарламада.
Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым екені белгілі.