Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу: тың деректер айтылды
Алматының тергеу соты Сатыбалда Гүлмираға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеуге пікір білдірді.
Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров брифингте айтқан мәлімет бойынша, Сатыбалдыұлы мен басқа да тұлғаларға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша айып тағылып отыр.
"Агенттік күдікті Сатыбалда Гүлмираға және басқа да тұлғаларға қатысты заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі көлемде бопсалау, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық деректері бойынша соталды тергеуді аяқтады. Алматының тергеу соты Сатыбалда Гүлмираға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деді Биғайдаров.