"Күйеуі Кәрім Мәсімовтің көмекшісі": желі қолданушысы әнші Индира Елеместің күйеуін алаяқтық жасады деп айыптады
Алдандым деген азамат әншінің күйеуі бойынша құзырлы органдардан көмек сұрап үлгерген.
Facebook желісінде Алексей Пучков есімді азамат әнші Индира Елеместің күйеуі Қалелхан Иманмадиды алаяқтық жолмен ақша алып, оны қайтарғысы келмей өзін әуреге салып жүргенін айтты.
Ол тіпті өз ақшасын қайтарып алу үшін полицияға да арыз жазып қойыпты. Бірақ желіге жағдайды жария еткен күні Индира Елеместің күйеуі оған хабарласып, постты өшіруді сұраған. Есесеіне қарызды дереу қайтаратынын айтқан. бірақ, уәдесінде тұрмапты.
«Достар, кеше мен Instagram-да пост жаздым. Қалелхан Иманмәдидің алаяқтық әрекетінен зардап шеккен адамдарды іздедік. Бұл Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі және әнші Индира Елеместің күйеуі. Бірнеше адам жауап берді. Бірақ мен одан да көп жапа шеккендердің бар екенін білемін. Егер өзіңіз немесе танысыңыз зардап шеккен болса жекеге хабарласыңыз. Алдыңғы жазбамнан кейін Қалелхан шығып, алаяқтық жолмен алған ақшамды қайтарып беремін деп, жазбаны өшіруімді өтінді. Алайда мұның бәрі бос сөз болып қалды», – деген Алексей Пучков.