Мәдениет
Асқар Жүнісбековтың отбасында қайғылы жағдай болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 сәуір, 2024
- 1.5k
Жүнісбеков асқар тау әкесінен айрылды.
"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі досы Асқар Жүнісбековтың отбасындағы қайғылы хабармен бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Құрметті ағайын! Асқартау ұлдарыңыздың асқартау әкесі Раббысына қайтты. Алла алдынан жарылқасын. Еркін, Асқар үшеуміз бір ауылда туып өскен соң ата-аналарымыз да бір-бірімізге әке әрі ана болып кетіп еді. Марат көкеміз де әкеміздей болған кісі еді. Мына суыт хабар жүрегіме қатты батты.
Жаным Асекем. Қайғыңызға ортақпын. Алланың өлшеп берген тағдырымен бір күні бұл өмірден бәрімізде кетеді екенбіз. Өйткені:» Біз Алладан келдік және Аллаға қайтушымыз», — деп жазды ол.