Қоғам

"Алматыда 30 мың адамның өміріне қауіп төніп тұр": бөгет салған мердігер компания бөлінген қаржыны жеп қойған

Бюджет қаржысын ұрлағандар қазір жауапқа тартылып жатыр

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды  KYN.KZ  тілшісі El.kz ақпарат агенттігі.һне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде.

ЖШС Алматы қаласында «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады.