Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ерке сылқым" күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті

"Ерке сылқым" күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті
Tengrinewskz. Суретте: Әбдімомын Желдібаев
Оның ең танымал күй «Ерке сылқым».

Белігілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында  өмірге келген. Күйші-композитор Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды.

Оның ең танымал күй «Ерке сылқым». Ол 30 жылға жуық «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сынды 70-тен астам күйі мен әні бар. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар