Қоғам

"Мамам естіп тұратын сияқты": Шымкентте балалы бола алмаған жігіт урологқа анасымен барған (видео)

Жас жұбайлар урологқа аналарымен бірге барған.

Шымкенттік уролог Әлиайдар Сейділахан "мамасының баласы болмаңыздар" деп İnstagram-парақшасына видео жүктеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Урологтың айтуынша, 7 ай бұрын үйленген жас жұбай бала болмаған соң урологқа келген.

"Аналары бәріне араласады екен. Бірге келді. Сөйлесу барысында анасы барлық нәрселеріне араласады екен. Анасын шығарып жіберіп, екеуімен сөйлестім. Келіні бір сөзінде "жыныстық қатынасқа түспесек қалай көтерем?" деп айтып қалды. 

Балада мынадай фобия бар екен. "Жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда мамам есік қасында тұрған сияқты сезім болады. Менен, әйелімнен, кроваттың даусы шықсп мамадан ұят болатын сияқты. Сол үшін жыныстық қатынасқа түспеймін. Тойға, қонаққа ғана кетсе түсеміз" дейді", - деп дәрігер жігіттерді бұлай анасына жалтақтамауға шақырды. Сондай-ақ ол жыныстық қатынастың табиғи екенін де қайталап айтты.