Басты жаңалықтар

Антикор қазақстандықтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

Қандай да бір фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram, Instagram) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді. Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Қандай да бір фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.