Мәдениет

"Мен неге жылап отырмын?": Жақында ажырасқан Жахан Анарға 101 роза сыйлап, кешкі асқа апарды (видео)

Екі адамдық кешкі асқа 47 мың теңге төлеген.

Жақында ғана ажырасқан Жахан Отарғалиев Анар Батырханға 101 роза сыйлап, оны қымбат көлікпен кешкі асқа апарды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Видеоны Анар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына бөліскен. Алайда көптеген пабликтер оны көшіріп, таратып жатыр.

Кадрда Анардың қолына Жахан 101 роза сыйлайды. Сосын қымбат көлікке мініп, кешкі асқа кетеді. Ал кешкі ас шоты 47 мың теңге болады. Бұны да Жахан төлейді.

"Негізі ешкімнен қорықпаймын. Тек мама көрсе "үйден неге ішпейсің?" деп айқайлайды.

Мен неге жылап отырмын?", - дейді Жахан видеода.