Мәдениет

Айсәуле Бақытбек "Сенің әкең -екінші Қуандық" деп айыптаған адамға жауап берді

Айсәуле: мен бұл оқиғаны ешқашан ұмытқан емеспін...

Баян Мақсатқызы отбасылық қысымда болып, күйеуінен зәбір көрген әйелдерге қамқорлық көрсететін "мама Клара" деп аталатын аналар үйін ашты. Ол өз оқиғасынан аман қалған сәтте-ақ осындай мастаманы көтерген болатын. Желіде оның қызы Айсәуле Бақытбек экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікірін білдіріп, әйелдерді үндемей қалмауға шақырды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

“Әйелдері қысымға ұшырап, қыспақ көрген қоғамның болашағы жоқ. Әйелдер үнемі өздерін қауіпті сезінетінін айтқан кезде ер адамдар таңғалады. Салтанаттың басынан өткен оқиға қоғамды қатты қоздырды. Өйткені әйелдер таяқ жеп жүрген “Қуандықтарын” есіне алды. Біздің елдегі патриархал ойлауды өзгерту үшін тағы не істеу керегін білмеймін. Қазір елімізде әйелдің құқығын әйел ғана қорғайтынын көрсетіп отыр. Біз бірігіп, жеңіске жетеміз. Жоғары сот лайық үкім шығарады деп сенемін. Олай болмаса, өзгеріс күтпегеніміз дұрыс. Қуандық секілділер ұзақ отырады. Ол секілді әрекеттерге баратындардың да барар жері бір болмақ. Біз үнсіз қалмаймыз. Біз бұған шыдамаймыз”, – деп Айсәуле Бақытбек.

Желі қолданушылардың бірі блогердің жанды жерін жаншыса керек, Айсәуле еш саспастан ата-анасының тағдыры сондай болғанын, оған еш өз кінәсі жоғын айтып өтті. Сонымен қоса ол оқиғаны ұмыта алмайтынын, өзгелердің оны есіне салмағанын қалайтынын жазды.

“Ескі жараны тырнағаннан кейін өзіңізді жақсы сезінген болсаңыз, мен қуаныштымын. Жалпы, менің жеке парақшама және әрбір жазбама ата-анамның басынан кешкен оқиғаларды жазбайтын адамды жақсы көремін. Сіз ол оқиға менің есімнен шығып кеткендей жазыпсыз. Бірақ рақмет, мен оны ұмытқан жоқпын”, – деп жауап жазды блогер.