Атыраулық әйел жан-жақтан келген азық-түлікті "сақалды жігіт тығып отыр" деп, қоймаға басып кірді (видео)
Әйел кісі телефонының камерасын ашып, қоймаға басып кіреді.
Атырауда әйел кісі телефонының камерасын ашып, қоймаған басып кірді. Оның пікірінше, жан-жақтан жиналған азық-түліктер халыққа таратылмай, осында жиналып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Видео @bagdagul_synykshy парақшасында жарияланған. Кадрда әйел қоймаға кіріп келіп, екі ер адамнан жауап алуға тырысады. Оның біреуі жекелеген адамдардың көмек ретінде жібергендері деп түсіндіреді.
Алайда әйел бұл азық-түліктің халыққа жетпей жатқанына ашуланып, олардың қолында тізімнің де жоқ екенін алға тартады.