Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Басқа жігітпен тұрғанын көрдім": Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрып кеткен ер адам сол күнгі әрекетін түсіндірді (видео)

"Басқа жігітпен тұрғанын көрдім": Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрып кеткен ер адам сол күнгі әрекетін түсіндірді (видео)
Коллаж: KYN.KZ
Өзін Александр Ким деп таныстырған ол келіншегімен өзге жұптарға үлгі болар отбасы болғанын, балалары да барын айтады.

Өткен аптада әлеуметтік желіде ер адам әйелдің телефонын жерге лақтырып, кейін келінгешегін оңдырмай сабаған видеосы жарияланған болатын. Ер адам сол күнгі әрекетіне баруына не себеп болғанын айтып, мәлімдеме жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Өзін Александр Ким деп таныстырған ол келіншегімен өзге жұптарға үлгі болар отбасы болғанын, балалары да барын айтады.
«Менің бұл әрекетімді ақтауға келмейді және Салтанатқа қол көтермеуім керек еді. Мен ақталғым келіп тұрған жоқ, тек жағдайды түсіндіріп өтсем деп едім. Біз 11 жыл бірге тұрдық. Үлгілі отбасы болдық, бір-бірімізді жақсы көрдік. Бірге саяхаттадық, жас отбасылар қызығатындай жанұя болдық. Салтанат екеуіміз төрт баланың ата-анасы атандық.
Әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтын. Сондай ұрсыстардың бірінде екіге кеттік. Бірақ сезім қалды. Күндердің бір күнінде Алматыда кездесеміз деп келістік.Үйге келе жатқан кезде мен оның телефонын сұрадым. Оның, балаларымның суретін көрейін дедім. Сол кезде Салтанаттың басқа жігітпен тұрғанын көрдім. Өзім не болғанын түсінбей қалдым. Қызғанып кеттім. Оның телефонын алып, сындырып жібердім», - дейді ер адам.

Александр Ким әйеліне әйелін аса қатты ұрмағанын айтып ақталып, осы оқиғадан кейін Таразға кетіп қалғанын жеткізді.



 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар