Алматыда әйелін көшеде сабаған заңгер қамауға алынды
Кейін ол әлеуметтік желіге бұл әрекетке не үшін барғанын айтып, мәлімдеме жасаған.
Алматыда полицейлер бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адамды ұстады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
«Бұрынғы әйелін ұрып-соғып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ұсталды. Құқық бұзушы ұсталып, 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін әйелін аяусыз соққыға алып, телефонын жерге лақтырған ер адам жайлы жазған болатынбыз. Кейін ол әлеуметтік желіге бұл әрекетке не үшін барғанын айтып, мәлімдеме жасаған.