Мәдениет

"Әкем құлағын басып, далаға қашты": Зарина Омарова әжесінің ата-анасын қалай ажырастырып жібергенін айтты

Сазгерлік қабілеті бар анасы халыққа кең тараған “Анашым” әнінің сөзін жазуға көмектескен.

Заринаның әкесі Марат Омаровтың “Сыңарымсың”, “Қыз сыны” әндері анасына арналғанын атып, олардың бір болмауына әжесін кінәлады. Бұл туралы өнер иесі «Ойбай» подкасында айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Айтуынша, анасы әкесінің музасы екен. Сазгерлік қабілеті бар анасы халыққа кең тараған “Анашым” әнінің сөзін жазуға көмектескен.

“Мен 3-сынып оқып жүргенде әкем мен анам екі жаққа кетті. Ол кезде әкемнің атағы жер жарып тұрған еді. Елге танылып, айлап “Тамашамен” гастрольге кететін. Анам 3 бала және енесімен үй шаруасында болатын. Оның үстіне әжемнің мінезі қатты болды. Ене деген қатал болып, келінді бос жібермеуі керек деп отыратын. Сол тілегі қабыл болып, ата-анамды ажырастырды. Мамамның да мінезі бар. Екеуінің болмыстары негізі ұқсайды. Араларында үнемі ұрыс-керіс, өкпе-реніш қана жүретін. Әкем ондай жанжал кезінде құлағын басып, далаға қашты. Соңында анасының сөзін тыңдап, шығармашылығына арқау болған музасынан ажырасты. Бала болсам да, маған қатты ауыр тиді. Ол кезде ес біліп қалған кезім еді”, – дейді әнші.