"Қызыма құлай сүйгені үшін өлтірді деген": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларын ата-әжесімен неге араластырмай қойғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2024
- 6.2k
Назым Қахарман балаларын Бишімбаевтың отбасымен араластырмауынан себебін түсіндіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол балаларының балалық шақтарының қиын өтіп жатқанын айтып, ата-анасының тату болмағынын жеткізді.
«2017 жылы әкелері сотталды, біз оған бардық, қолдадық, артынша ажырастық, одан кейін оның үйлену тойы болды, жаңа әйелімен жанжалдар, артынша оның қазасы... Балалар, Құдайға шүкір, қазір психологтың, жақсы ортасының, менің туыстарым мен достарының көмегімен моральды тұрғыда дұрыс қалыптасты», – деген ол баларының жақсы мен жаманды айыра алатынын жазды.
Ол балаларын Бишімбаевтың отбасымен Салтанаттың өлімінен кейін араластырмай қойған. Өйткені 11 қараша барлық мән-жай олардың құлағына жеткен.
«Сіздер қазір естіп жүргеннің барлығын біз сол кезде естіп алғанбыз. Сараптама мен барлық қорытындылар жасалмай тұрып. Оның үстіне қызыма “әкесі құлай сүйгені үшін өлтірді” деген сөз айтылды. Тағы да басқа қорқынышты дүниелер айтылды. Мен ол туралы айтқым да келмейді. Бұның бәрі мені де, балаларды да шаршатты. Мен ана ретінде бұлай тәрбиелеуге қарсымын және қарым-қатынасты шектеуді шештім. Балалар мені өздері таңдады», – деді ол.