Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше, су деңгейінің одан әрі көтеріледі деп күтілуде.
Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтеріліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша:
Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см., деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см.
Жайық өзені - Махамбет кенті су деңгейі 672 см., су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостында су деңгейі 396см., су деңгейінің +9см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше, су деңгейінің одан әрі көтеріледі деп күтілуде.