Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бишімбаев кезінде көлікпен бала қағып кеткен бе?: ІІМ мәлімдеме жасады

Бишімбаев кезінде көлікпен бала қағып кеткен бе?: ІІМ мәлімдеме жасады
Ult.kz. Суретте: Қуандық Бишімбаев
1 сәуірде өткен сот отырысында эмоциясына ерік берген Салтанаттың анасы Бищімбаевтың көлікпен бала қағып кеткенін айтқан болатын.

Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевтың көлікпен бала қағып, жауапкершіліктен жалтарды деген сауалға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Негізі бала қағып кеткені туралы әзірге айтқым келмеген болатын. Бұл ақпарат әзірге расталмады. Біз Нүкенованың туыстарымен, ағасымен сөйлестік (Айтбек Амангелді – ред.). Ақпарат қайдан шыққанын білдік, тексердік. Бұл жерде басқа жағдай, ол әлі расталған жоқ, бірақ әлі де қарап жатырмыз", - деді Игорь Лепеха.

Еске сала кетейік, 1 сәуірде өткен сот отырысында эмоциясына ерік берген Салтанаттың анасы Бищімбаевтың көлікпен бала қағып кеткенін айтқан болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар