Оралда сотталғандар басқа қалаға көшіріліп жатыр
Орал қаласын су басу қаупі бар.
Орал қаласын су басу қаупі бар. Осыған байланысты №27 түзету мекемесіндегі сотталғандар Қазақстанның кейбір өңірлеріне эвакуацияланды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және №27 мекемесін су басу қаупіне байланысты жеті жүзге жуық сотталған адам Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Олар Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.