Басты жаңалықтар

Аспан бұлтты: 18-20 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады.

Синоптиктер алдағы үш тәулікте Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы. 

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал ауа температурасы +27°С дейін қызады.

Астанада:

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +20...+22°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +22...+24°С;

20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +4...+6°С, күндіз: +20...+22°С.

Алматыда:

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +19...+21°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +21...+23°С;

20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +23...+25°С.

Шымкентте:

18 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +23...+25°С;

19 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С;

20 сәуір - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +25...+27°С.