Қоғам

Құрамынан есірткі табылды: «Cola» сусынын ішерде абайлаңыз (видео)

Сараптама нәтижесінде сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80%-дан асатыны белгілі болған.

Шымкентте ауыр жүк көлігін тексеру кезінде «Cola» сусынынан еріген 90 литрден астам есірткі  бары анықталып, деп хабарлайды Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Сараптама нәтижесінде сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80%-дан асатыны белгілі болған.

"Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.