Экономика

Болат Өтемұратов су тасқынынан зардап шеккендерге 10 млрд теңге бөлді

Қаражат баспанасыз қалғандарға үй алуға немесе салуға жұмсалуы тиіс.

Болат Өтемұратов атындағы қор Ақтөбе облысының көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлетінін мәлімдеді.

Қаражат өмірлік маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдар үшін үй сатып алуға және салуға жұмсалады.

Мен су тасқыны аймағында орналасқан аймақтардағы төтенше жағдайды қадағалап отырмын, халыққа шұғыл көмек қажет және біз оны бар күшімізбен және қолда бар ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастырамыз Алдыңғы қатарда қиын жағдайға тап болған мыңдаған қандасымыздың қауіпсіздігі мен ертеңіне деген сенімінің кепілі бола отырып, оның шешімдерін біз әрқашан қолдайтын боламыз, - деді Болат Өтемұратов.

Еске салайық, 1 сәуірде қазақстандық кәсіпкердің қоры су тасқынының салдарымен күресу және табиғи апаттан зардап шеккендердің бірінші кезектегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 680 миллион теңге бөлген болатын.