Әуелбекова: қыздар, мен сияқты намазхан атаулыға сеніп, алданып қалмаңыздар
Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуіне тұрмысқа шығып, өзіне қол жұмсамақ болған сәттерді есіне алды.
Әнші Мөлдір Әуелбекова жас қыздарға өз қателігін қайталамасын деген ниетте басынан өткен жағдайды баяндап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Мен карантиннің кезінде бүкіл өнер адамы сияқты ешқайда шыға алмай, күйзелісте жаттым. Одан қалды бірінші тұрмысымнан ажырап, ата-анамның үйінде болдым. Құдайдан күнделікті мейірімді, жақсы, намазхан күйеу сұрадым. Сол сәтте ондаған жылдар бойы араласқан адамым мені осы кісімен таныстырды. Бір аптада тұрмысқа шығып кеттім. Намазхан, мейірімді, сондай бір өзім сұраған адам мені іздеп тапты деп қатты қуандым. Орамалға келгеннен кейін концерттерге де жол жабылды, телеарналар да шақырмайтын болды.
Өз қызметімде бастығым "орамал немесе жұмыс" біреуін таңда деді. Алдым да тұрмысқа шығып, бақытымды таптым деп ойладым. Ақ, мұсылманша неке болды. Көп ұзамай адамдар маған хабарласып, түрлі хабарлар айта бастады. Бірден көтердім. Ішімде балам бар. Бір күні 3 жастағы тұңғышыммен үйде отырып, 12-ші қабаттан секірмекке бел будым. Енді суицидке ойым кетіп тұрғанымда есік тоқтаусыз шырылдап, сырттағы адам сындыра жаздап тарсылдатты. Сөйтсем менің жағдайымды біліп жүрген "Назар" тобындағы Еркежан тұр.
"Апай сездім" дейді. Сол кезде ішімдегі үш айлық баламмен жиналдым да үйге кеттім. Қысқасын айтқанда мен ол кісінің 4-ші әйелі болдым. Менің айтпағым, жас қыздар мен сияқты намазхан болса болды, бәрі керемет болып кетеді деген ойдан аулақ болыңыздар. Мен оның екінші бетін көрдім. Бергі жағы намазхан, артындағы тыққан өмірі қандай екенін білемін",-деді әнші "Мамский әңгіме" ютуб жобасында берген сұхбатында.