Еуроодақ су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 200 мың еуро бөледі
- автор kyn.kz
- 20 сәуір, 2024
- 421
ЕО өкілдігінің баспасөз қызметі қолдау сомасы 200 мың еуроны құрайтынын атап өтті. Қаржыландыру тікелей емес, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының қолдауы арқылы бағытталады. Қаражат тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға тұрмыстық, гигиеналық заттар алуға, сондай-ақ қаржылай көмекке жұмсалады.
"Гуманитарлық көмек су тасқынынан қатты зардап шеккендерге алдағы үй айдың көлемінде беріледі. Шамамен бес мың адамды қамтиды. Әсіресе ер азаматы жоқ отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі немесе қарт адамы бар отбасыларға және бала саны үшеуден асатын отбасыларға басымдық беріледі", - делінген хабарламада.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.