«Миллион доллар беремін, некемізді қидырайық»: әнші Өктем Алтаев өзіне жасалған ұсыныс туралы айтты (видео)
Әнші өнеріне ғашық қыздардың өзіне доллар ұсынып, махаббаты сатып алмақ болған кездерін еске алды.
Өнер иесі _Өктем Алтаев өнер құрбандықты талап ететінін атап өтті. Ал ондай кезде отбасы кейінге ысырылып қалады. Осыны түсінген әнші әрқашан отбасын бірінші орынға қойған. Мұның себебі де бар екен.
«Мен отбасында әкенің рөлі қандай екенін жақсы білемін. Себебі әкесіз өстім. Сол себепті балаларымның алдында көбірек болуды таңдадым. Әлі күнге дейін екі таңдау тұрса, бірінші отбасымды таңдаймын. Балаларым әкелерінің бар екенін сезініп өсуі тиіс. Өнер – ауыр жол. Жұрттың көзі бар, сөзі бар, адамды азғыратын ұсыныстар келеді. Ақша жүрген жер жақсы емес негізі. Маған «Саған миллион доллар беремін, маған үйлен, некемізді қидырайық» деген адамдар болды. Ал мен әрқашан өз отбасымды таңдаймын. Әлі де солай...», - деді әнші.