Су тасқынына байланысты ескертуді елемей үйінде отырған оралдықтарды құтқарушылар қауіпсіз аймаққа тасуда
Бір апта бұрын төтеншеліктер тұрғындарға үйлерін тастап, қауісіз аумаққа баруға кеңес берген.
Орал қаласына жақын жерде жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары барысында су басу аймақтарынан ТЖМ күштерімен саяжай учаскелерінің 60-тан астам тұрғыны металл жүзу құралдарымен эвакуацияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды шұғыл эвакуациялау бойынша барлық жұмыс министр Шыңғыс Әріновтың үйлестіруімен жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бір апта бұрын құтқарушылар азаматтарға су басу қаупі туындаған кезде алдын ала эвакуациялау және өз үйлерінен кету қажеттігі туралы хабардар еткенін атап өткен жөн. Ескертулерге қарамастан, тұрғындардың бір бөлігі эвакуациялық пункттерге орналастырудан өз еркімен бас тартты.