Мәдениет

"Халық оны сағынады": оранған Айдана Меденоваға ағасы қарсы шықты

Меденов қарындасының дарынына тоқталып, одан әлі де үміт үзбейтінін жеткізді.

«SuperStar KZ» жобасының финалисі, саксофонист Ермек Меденов дінге бет бұрған қарындасы Айдана Меденоваға қарсы шықты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Меденов қарындасының дарынына тоқталып, одан әлі де үміт үзбейтінін жеткізді. 

«Негізі, мен мұндайға қарсымын. Әр адам өзі біледі ғой, сол секілді Айдана да өзі шешеді. Ал мен дінді де, өнерді де тастамаса деймін. Әннің оған қандай жамандық әкелетінін түсінбеймін, өзі шешті ғой. Айдана өте дарынды қыз. Бала кезінен қаншама байқауға қатысып,жүлдеден жүлде қоймаған келе жатқан қыз еді. Менің анам да сондай болатын, Айдана сол кісіге тартқан. Істеу керек пе? Істейді. Жеңу керек пе? Жеңеді. Бітті. Халық оны сағынады деп ойлаймын, арасында ән айтса, түк етпейді деп санаймын», - деді Меденов.