Қоғам

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелінің қолын қайырып, шашынан сүйреді (видео)

Кадрда ер адамның әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқан сәті анық көрінеді.

Ақтауда ер адамның балаларының көзінше әйелге шабуыл жасаған сәтті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция басқармасы пікір білдірді, деп жазады KYN.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Кадрда ер адамның әйелінің қолын бұрып, ауызын жауып жатқан сәті анық көрінеді. Оның бұл тірлігіне екі кішкентай бала куә боп тұр. Жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жүгірткен ол әйелді сүйреп, лифтіге күштеп кіргізіп, шашынан сүйрейді. Видеодан әйел мен балалардың шыңғырып, жылаған даусы естіледі. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, ер адамды қуып жібереді. 

Департаменттің мәліметінше, ер адам іздестіріліп жатыр.