"Монтаждап, телефоныма жүктеп қойған": Бишімбаев сотта өз телефонындағы видео жайлы айтты
Сот телефонды тексерген сәтте экс-министр әйелін балағаттап, қорлаған видео қаралды.
Экс-министр сотында бүгін сотталушының телефоны қаралды. Сотқа сотталушы телефонның құпия сөзін айтуға мәжбүр болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Сот Қуандық Бишімбаевтың телефонын қарады. Бірінші тұрған видеода сотталушы марқұм әйеліне түрлі балағаттау сөздерді айтып, танымал кәсіпкердің есімін атап, "оның нақсүйері" болдың деп видеоға мойындатып, түсіріп алуға тырысқан.
Судья видеоны ешкімге көрсетпеген. Тек көргенін баяндап "Марқұм жалғыз сырт киімде, жейдесі қан" деп айтып отырды.
Ал сотталушы болса бұл видеоның өз телефонында ешқашан болмағанын, жағдай шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Құрметті сот, бұл видеоны менің телефонымды ашып, монтаждап, жүктеп қойды деп ойлаймын" деді сотталушы.