Бишімбаевтың телефонынан жан шошырлық 12 видео шықты
Судья Айтбек Амангелдіге ол видеоларды көрмеуге кеңес берді.
Сот отырысында басты айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефоны қаралып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонын суреттер мен видеоларды қарады. Видеода Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өткен өмірін қазбалап, бұрынғы қарым-қатынасы туралы сұрақ қойып жатыр. Бишімбаев 12 видео түсіріп алған. Алайда, айыпталушы бұл видеоларды біреу монтаждап, жібергенін айтты.
Судья аталмыш видеоларды жәбірленуші тарап Айтбек Амангелдіге көрмегені дұрыс екенін айтты.