Қоғам

"Қауіп төніп тұр деп ойладым": Бишімбаев телефонына түсірген адам шошырлық видеолардың себебін түсіндірді

Алғашында мойындамағанымен кейін себебін айтты.

Қуандық Бишімбаев видеоларға қатысты жауап берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Кадрлар 9 қарашада, Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген. Басында Бишімбаев оларды "монтаж" десе де, бірақ кейін өзі түсіргенін мойындады. Судьянеліктен бұлай істегенін сұрағанда, сотталушы "қорлыққа қорлықпен жауап бергісі келгенін” алға тартты.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өз кезегінде Нүкенованың беті қан жоса болғанын, соңғы бейнематериалдарда көздері ісіп, аша алмай қалғанына назар аударды. Бұған жауап ретінде Бишімбаев сол сәтте оған өлім қаупін көрмегенін айтуды жалғастырды.

“Мен өлім қаупін көрмедім, оның өміріне қауіп төніп тұр деп ойламадым”, – деді экс-министр сотта.