Көріпкел: Бишімбаев адам төзгісіз
Бүгін сотта Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев сөйлескен көріпкел куәлік етті.
Қуандық Бишімбаев кеңес алу үшін жүгінген көріпкел өзіне қатер барын айтып, жабық есік жағдайында жауап алуды сұрады.
Бүгінгі сот отырысында прокурор көріпкелден жабық есік жағдайында жауап алу туралы ұсыныс айтты. Ол қысымға ұшырап, түрлі нөмірлерден қорқытулар түсіп жатқанын айтқан.
Судья өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, көріпкелден оның жеке деректерін жарияламай және бейнесін эфирге шығармай жауап алуды бұйырды (куәгер бейнеконференцбайланыс арқылы айғақ береді).
"Куәгерден жауап алу БАҚ-қа жарияланбай ашық сотта өтеді", - деді судья Айжан Құлбаева.
Көріпкел сотта жауап алу кезінде өзінің таролог екенін айтты. Бишімбаев оған үнемі хабарласып, түрлі мәселелер бойынша кеңес, бағыт-бағдар алып жүреді екен.
Прокурор одан "Нүкенова таңға дейін ұйықтайды" деген сөзді не үшін айтқанын сұрады.
"Мен Бишімбаевқа үнемі айттым: "Жедел жәрдем шақырыңыз, дәрігерге барыңыз". Ол мас болды, бірнеше ретінде қоңырауын көтермей қойдым. Айтатыны "Ода бәрі жақсы деп жазыңызшы" Ол сондай адам төзгісіз",-деді көріпкел.
"Менің айтайын дегенім Бишімбаев телефоныма тыныштық бермей қойды. "Маған "Салтанатта бәрі жақсы" деп жазыңызшы. Мен сабырға келіп, уайымдамай отырайын",-деді. Сұрағанын жасап жаздым. Ешқандай артық ойым болған жоқ. Ол маған телефонның арғы жағында тұрып "Ода бәрі жақсы деп айтыңыз" деп айқайға басты. Мен айтқанын істеп телефонды қойып қойдым",-дейді көріпкел.