Бишімбаев: Салтанатты қорлағым келді
Экс-министр әйелін не себепті қорлағысы келгенін айтып жұртты шошытты
Бишімбаев ісі бойынша бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жанна Уразбахова Қуандық Бишімбаевқа сұрақтар қойып, жауап алды, деп жады KYN.KZ тілшісі..
Адвокат : Видео неге үзіліп кетті?
Бишімбаев: Сұрақ қойған кезде ғана оны видеоға түсірдім.
Адвокат: Сіз Нүкеновадан басқа ер адамдармен қарым-қатынаста болғанын сұрадыңыз ба? Неліктен оны басқа еркекпен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтуға мәжбүрледіңіз?
Бишімбаев: Мен оны қорлағым келді. Ол алты сағат бойы қалағанын істеп, мені сол жағдайға жеткізді.
Адвокат: Неліктен видеода қанның іздері пайда болды?
Бишімбаев: Ол жерге құлаған кезде пайда болды. Оны дәлізде ұрып-соққанда бір-ақ рет тамағынан қысып ұстадым.
Адвокат: Нүкенова тізерлеп отырған кезде видеода қан пайда болды. Кейінгі видеода қан жоқ. Қанды кім сүртті?
Бишімбаев: Қанды қағаз майлықпен сүртіп алдым.