Қоғам

Хиджаб киген: Ақтауда 24 жастағы қыз жоғалып кетті

Қыз  18 сәуірде жоғалып кеткен.

Қыз  18 сәуірде жоғалып кеткен. Бұл күні ол кешкі сағат 22:00 шамасында «Шығыс 3» шағын ауданындағы үйден шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Ол жасыл гүлді ұзын көйлек (хиджаб), ашық жасыл куртка және ақ кроссовка киген», - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Қызды көргендер болса мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102.

Маңғыстау облысының полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.