Ол АҚШ, Ресей және Украина елдерінде саяси коммуникация саласы бойынша тәжірибеден өткен.
Еске сала кетсек, 2015 жылы Шымкент әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне кіріскен сәтте Данат Жумин бір топ журналистер мен блогерлермен жақынырақ танысу мақсатында кездесу ұйымдастырды.Ойын орыс тілінде жеткізген Жуминнен қонақтар қазақ тілінде сөйлеуін өтінгені сол еді, ол шетелде білім алғанын алға тартып, өзіне ыңғайлы тілде сөйлейтінін айтып ашуға булыққан.
Дегенмен, кейінірек Данат Жумин бұл кемшілігін түзейтінін, яғни, қазақ тілін үйренетінін айтып, ағынан жарылды.