ЭКҰ арқылы туған 3,5 жастағы егіздер зорланды: ұл мен қызды туған әкесі қорлаған
Егіздерді анасы 43 жасында ЭКҰ көмегі арқылы босанған. Әйел балаларды өз әкелері зорлайды деп мүлдем күдіктенбепті.
Үш жарым жасар егіз қыз және ұл балаларды өз әкелері зорлады деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Егіздерді анасы 43 жасында ЭКҰ көмегі арқылы босанған. Әйел балаларды өз әкелері зорлайды деп мүлдем күдіктенбепті.
“Мен ештеңені байқамаған екенмін. Балаларыма дұрыс қарай алмадым. Бұл менің кінәм. Бірақ қылмыскерді тиісінше жазалауды сұраймын”, - дейді балалардың анасы.
Әйел таңнан кешке дейін жұмыста екенін айтады. Егіздерде зорлық-зомбылықтың іздері қалмауы үшін анасы оларды оңалту орталығына жатқызуларын өтінген.
Балалардың зорланған белгілерін балабақша тәрбиешілері ойламаған жерден байқаған. Қос егіз үнемі құшақтасып, қол ұстасып бір-бірінен ажырамай жүрген. Ұл бала балабақша әжетханасында қан аралас үлкен дәрет шығарған. Тәрбиеші мен күтуші баланы қандай да бір ішек дертін жұқтырды деп ойлаған. Анасы дәрігерге жалпы наркоз арқылы тексерткен кезде ұлдың дақыздың да тоқ ішектерінің қабырғалары жарылғаны анықталған. Дәрігерлер анасына балалардың зорланғанын айтқан.
#немолчи қоры Атырау облыстық прокуратурасы мен Атырау полиция департаментінің басшылығынан бұл іске қатысты тексеріс жүргізулерін талап етеді.
“Ер адам басқа да балаларға зорлық-зомбылық көрсетуі мүмкін. Отбасылар зардап шегеді. Бұл істі өз қолдарыңызға алып, балаларды тексеру үшін мағлұматты жан-жақты жинаңыздар. Сондай-ақ біз балалардың суретін көрдік. Олар бір нәрсені бірнеше рет қайталап “ауыртты, әкем жасады. Ол жаман” дейді”,-деп жазды #немолчи өз парақшасында.
Сонымен қатар бұл іс өткен жылдың 20 қараша айынан бастап әлі қаралып келе жатқанын ескертеді.