“Бұлай істеуші болма”: Гүлнұр Мамасарипова жас актердің әрекетіне таңғалды
Қазақстандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова жас актерді сынға алып, “үлкенге құрмет, кішіге ізет” көрсету керектігін ескертті.
Қазақстандық продюсер Гүлнұр Мамасарипова Динара Сәтжанға берген сұқбатында түсірілім алаңындағы жас актердің қылығын айтты. Ол адамгершілік қасиеттен аттамайтынын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.
“Мен қашанда үлкен кісілерге "Сәлеметсіз бе?", "Сіз" деп тұрамын. Балаларыма да "Қанша жақсы көріп тұрсаң да, әжеңе сен деме. Сіз деп айт" деймін. Кеше ғана "Сәлеметсіз бе, Гүл әпше?" деп жүрген бір актер жігіт келді де, "Қалайсыз?" деп мына жерімнен (иығы - ред.) бір ұрды. "Бұлай істеуші болма" деп қойдық енді. Олай істеуге болмайды. Өйткені, өмір тек биікте қалықтап тұрумен шектелмейді. Тартылыс заңы бар. Адам жас болады, қартаяды, әжім түседі. Сол сияқты қанша биікте тұрсаң да, Алла биікке түсіреді. Сондықтан "Бүгін биікте тұрмын" деп қателік істеп, болашақта Алла бергелі тұрған мансапқа жете алмауың мүмкін. Адамгершілік қасиеттер жоғары тұрғанда, адам да ұзағырақ өмір сүреді ", — деді Гүлнұр Мамасарипова сұхбатында.