Дәрігер қыздың үйіне балконнан кірген ер адам оны өлтіріп кетті
Дина Таңсәрі полиция департаменті «Адам өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткенін мәлімдеді. Оқиға Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің бірінде болған. Пәтерден пышақ жарақатын алған әйелдің денесі табылған.
Ақтөбе облысында белгісіз ер адам дәрігер қызды пышақтап кетті. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өз фейсбук парақшасында бөлісті деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дина Таңсәрі полиция департаменті «Адам өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткенін мәлімдеді. Оқиға Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің бірінде болған. Пәтерден пышақ жарақатын алған әйелдің денесі табылған.
«Марқұм болған қыз – эндокринолог маманы, 9 жыл оқыған. Белгісіз бір жігіт оның артынан аңдыған. Кеше балконнан шығып, қызды пышақтап кеткен. Туыстарының айтуынша, ол қыздың көлігін ұрлап әкеткен. Артынша жол-көлік апатына түскеннен кейін ұсталған. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Иманды болсын», - деп жазды қоғам белсендісі әлеуметтік парақшасына.
Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, дәрігер қыз еңбек демалысында болыпты.
«Пышақ жарақаттарын алған әйелдің денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар.Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.