Басты жаңалықтар

Елімізде қаптаған кене адамдарды шағып жатыр

Мамандардың айтуынша, олардың көбі балалар. Зиянкес жәндіктен зардап шеккен тұрғындардан қайта конго-гемморагиялық қызбасы белгілері шықпаған. Тек Алматы қаласы ғана емес, көктем басталғалы оңтүстік өңірлерде де кене шығып жатыр.

Алматыда кенелер адамдарға шабуыл жасауда. Бір айда 214 азамат өздерін кене шаққанын айтып, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Мамандардың айтуынша, олардың көбі балалар. Зиянкес жәндіктен зардап шеккен тұрғындардан қайта конго-гемморагиялық қызбасы белгілері шықпаған. Тек Алматы қаласы ғана емес, көктем басталғалы оңтүстік өңірлерде де кене шығып жатыр. 

Сол себептен де биыл конго-қырым безгегінің ошағы саналатын елдімекендер саны артқан. Қазіргі уақытта мамандар залалсыздандыру жұмыстарына белсене кірісіп жатыр. Қызылорда облысында зиянкес жәндіктер ерте тірілген. 


Өңірде 72 тұрғынды кене шағып, медициналық көмек алған. Зиянкес жәндіктерінен қала тұрғындарын зардап шегіп отыр. Дәрігерлер тұрғындар мен қонақтарға кене шаққанда бірден ауруханаға келу керегін ескертеді.