«Тоқал десе, тік тұрады»: Талғат Жорабаевтың әйелі тоқал алғысы келетін еркектерге қарсы
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 сәуір, 2024
- 1.3k
Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым күйеуіне тоқал алып беруден айнып қалғанын жеткізді. Ол еркек атаулы екінші әйел алуға құмар екенін айтып, бірақ оның қиыны мен шыжығы бірге жүретінін тілге тиек етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әншінің әйелі еркектерге тоқал алу оңай болғанымен, бірақ оны асырау кез келгеннің қолынан келе бермейтінін ескертті. Айтуынша, әйелдің көңіліне тиген ер азаматтың жазасы қатаң көрінеді.
«Тоқал десе, жүректері тұрып, шаштары тік тұрады. Күйеуіме басында саған 50 жасыңда тоқал әперейін деп айтқанмын. Соны құлағына сіңіріп алған. «Тоқал алып бересіз ба» деп сұраса «сені төрт ит талаған жақсы ма, әлде бір ит па» деп сұраймын. Сөйтсем «Біреу талағаннан кейін төртеуі де талап тастасын да» деп қалжыңдайды. Бірақ негізінде абзалы біреу деп өзі айтады. Кез келген еркек тоқал алғысы кеп тұрады. Бірақ артындағы нәрсесін ойламайды. Ол рахатын ғана ойлап тұрады. Екі әйел болған соң, екі анасы болады. Екі қайын жұрт болуы мүмкін. Екі жақта да бала болады. Екі жақтан екі мінез. Сен біреуіне ғана емес, екеуіне де көйлек алуың керек. Біреуінің көңіліне тидің ба, бітті Алла Тағала сені жазалайды», дейді подкастқа берген сұхбатында Аяулым Жорабаева.
Ерке Есмахан: “Отбасында ең маңыздысы өзара түсіністік”
Ұқсас жаңалықтар
Сібір жарасы: Атырауда орталық базардың ет павильоны жабылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024